BUSINESS TIREK

Кәсіпкерлер мен менеджерлерге арналған бағдарлама
General Management Program
20 мамыр 2024

Заманауи білім

Кәсіпкерлер мен менеджерлердің әлемдегі және бизнестегі тез өзгеретін жағдайларға бейімделуге қажет заманауи білім

Жаңа дағдылар

Бағдарлама қатысушылардың заман талабына сай жаңа дағдыларын қалыптасуға бағытталған

Кәсіпкерлік

Кәсіби біліктілікті кеңейту, заман талабына сай көшбасшылық және кәсіпкерлік ойлауды дамыту

Бағдарлама

Оқу мерзімі: 20 мамыр – 27 маусым

В программе комплексно рассмотрен подход к бизнесу, что способствует развитию системного мышления участников.

Модуль 1

Жеке тиімділік көшбасшының бәсекеге қабілеттігінің негізі

Модуль 2

Басқару жүйесіндегі тиімді ойлау әдістері

Модуль 3

Қаржылық талдау

Модуль 4

HR: Тиімді басқару негіздері-дау дамайлардың алдын-алу шарттары ретінде

Модуль 5

Дұрыс маркетинг

Модуль 6

Операциондық менеджмент

Бағдарлама кестесі

Модуль 1 | Жеке тиімділік көшбасшының бәсекеге қабілеттігінің негізі

Бизнес-тренер. Бахыт Жумакаева, т.ғ.к.

“Эксперт-Академия” директоры

20-21 мамыр 2024 ж. Сағат: 09.30 – 17.30

Модуль мақсаты:

  • Қатысушыларды көшбасшылыққа және мақсат қою дағдыларын айқындау мен қалыптастыруға жетелеу.
  • Қатысушылардың өз нәтижелерін талдау және түсіндіру, өз әрекеттерінің тиімділігін өлшеу және арттыру

Модуль мазмұны:

  • Топ-менеджерлер құзыреттерінің мүмкіндіктері
  • Тұлғааралық байланыс және оларды дұрыс жетілдіру
  • Стрессті және уақытты басқару
  • Эмоциялық интеллект және оны дамыту әдістері
  • Дау-дамайларды реттеу
  • Келіссөз жүргізу дағдылары. Дизайндық ойлау және шығармашылық

Модульдан кейінгі нәтижелер:

  • Жеке тиімділіктің негізгі қырларын анықтайды
  • Жеке даму жоспарын жасайды
  • Жеке тиімділікті өлшеудің дамыған тәсілін дәлелдейді
  • Ұжымдық әрекеттестіктің тиімділігін болжайды

Модуль 2 | Басқару жүйесіндегі тиімді ойлау әдістері

Бизнес-тренер. Әнуар Төлепбай, MBA

CEO “Compass Telecom”

22-23 мамыр 2024 ж. Сағат: 09.30 – 17.30

Модуль мақсаты:

  • Жаңа әдістерді үйрете отырып, қатысушылардың ойлау өрісін кеңейту
  • Қатысушыларды бизнесте және күнделікті өмірде креативті ойлауға үйрету

Модуль мазмұны:

  • Ми туралы ақпарат
  • Адам жадының ерекшеліктері
  • Интеллект карта
  • Терең ойлау әдісі
  • Алты малақай әдісі

Модульдан кейінгі нәтижелер:

  • Мидың жұмыс істеу тиімділігі артады
  • Жасырын ресурстарының ашылуына көмектесіп, бизнесте және күнделікті өмірде көп пайдасын келтіреді
  • Жоғары деңгейдегі презентация жасауға, берілген ақпаратты тез қабылдауға, және есте сақтау уақытын қысқартуға мол мүмкіндік береді
  • Үйретілген әдістемелер синтезі адам ойлау қабілетінің шексіз мүмкіндіктерін ашады

Модуль 3 | Қаржылық талдау

Бизнес-тренер. Жанар Кожабаева

“Western Universal Consulting” негізін қалаушы және директоры

03-04 маусым 2024 ж. Сағат: 09.30 – 17.30

Модуль мақсаты:

  • Кәсіпорынның операциялық тиімділігін басқарудағы қаржылық функцияны зерттейсіз, бизнестің қаржылық көрсеткіштерімен жұмыс істеуді үйренесіз,
    инвестициялық жобаларды таңдайсыз, бюджетті жасайсыз

Модуль мазмұны:

  • Қазіргі компаниядағы қаржыгердің рөлі
  • Қаржылық есептілікті талдау
  • Қарыздық қаржыландыру және қаржылық тұрақтылық
  • Қаржылық модельдеу
  • Жоспарлау және бюджеттеу
  • Бухгалтерлік есепке кіріспе
  • Активтерді басқару

Модульдан кейінгі нәтижелер:

  • Заманауи компаниядағы қаржыгер рөлін біліп, өсу бағыттарын анықтау. Қаржыгер мен қаржылық талдаушы қандай білім мен дағдыларға ие болуы керектігін түсіну
  • Есеп саясатындағы өзгерістер әртүрлі кезеңдерде есеп беруге қалай әсер ететінін түсіну
  • Компанияның қаржылық жағдайын оның қарыздық жүктемесін ескере отырып бағалауды үйрену. Қаржылық тұрақтылық түсінігімен таныс болу

Модуль 4 | Дұрыс маркетинг

Бизнес-тренер. Бахыт Аманжолқызы

MSc in Communications. CEO “ABCommunications”

05-06 маусым 2024 ж. Сағат: 09.30 – 17.30

Модуль мақсаты:

  • Маркетинг саласындағы жүйелік білімді меңгеру
  • Компанияңыздың мақсаттарын көрсететін жеке жоба негізінде маркетинг кешенін әзірлеу

Модуль мазмұны:

  • Қазіргі бизнестің маркетингке қатысты мәселелері мен сұранысы
  • Cараптама: Компанияға, бәсекелестерге сараптама
  • Клиенттерге сараптама жасау. Мақсат және күтілетін нәтиже
  • Дата аналитика және precision making
  • Стратегия. Маркетингтік жоспар мен стратегияның айырмашылығы неде?
  • Маркетинг компаниялар мен арналар. Digital маркетинг: Көрсеткіштер мен аналитика

Модульдан кейінгі нәтижелер:

  • Заманауи бизнес архитектурасын түсініп, үздік халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндік
  • Шешім қабылдаудың заманауи аналитикалық жүйесін құру
  • Нарықта тиімді болатын бірыңғай маркетинг стратегия құра аласыз
  • Стратегияны жүзеге асыру үшін қажетті білім, қызметкерлерді басқару үшін қажет құралдарды аласыз
  • Заманауи көшбасшыға қажет стратегиялық тұрғыдан ойлау қабілетін меңгеріп, бәсекеге қабілетті боласыз

Модуль 5 | HR: Тиімді басқару негіздері- дау дамайлардың алдын-алу шарттары ретінде

Бизнес-тренер. Бахыт Жумакаева, т.ғ.к.

“Эксперт-Академия” директоры

24-25 маусым 2024 ж. Сағат: 09.30 – 17.30

Модуль мақсаты:

  • Қатысушылар тиімді әдістер мен алгоритмдерге үйренеді
  • Адам басқару барысында қызметкерлердің тиімділігін арттыра отырып, компанияның жалпы дамуына жетелейді

Модуль мазмұны:

  • Мотивация
  • Қуат. Қызметкердің мінез-құлқын өзгертуге ықпал ету
  • Сенім – Ресурс ретінде
  • Топ құру: идеяның тарихы. Команда құру
  • Басқару командалары. Команда құрудың заманауи мәселелері
  • XXI ғасырдағы операцияларды басқару. Жылдам өзгеру

Модульдан кейінгі нәтижелер:

  • HR құралдары арқылы бизнес тиімділігін арттырудың негізгі тенденциялары мен заманауи тәсілдерін білу
  • Ұйымның бизнес мақсаттарын жүзеге асыру үшін қызметкерлердің мінез-құлқын басқару жүйелері мен механизмдерін құру
  • Күшті корпоративтік мәдениет пен кәсіби командаларды құру

Модуль 6 | Операциондық менеджмент

Бизнес-тренер. Әнуар Төлепбай, MBA

CEO “Compass Telecom”

26-27 маусым 2024 ж. Сағат: 09.30 – 17.30

Модуль мақсаты:

  • Қатысушыларды өндірісті басқарудағы базалық ұғымдармен және заманауи үлгідегі өндірісті басқарудағы шешуші
    көрсеткіштермен таныстыру.
  • Кәсіби дамуында қатысушылардың жаңа белестерге шығуы үшін өндірісті тиімді басқаруға дағдыландыру

Модуль мазмұны:

  • Бизнестегі іс әрекетердің нәтижелілігі мен өнімділігі жағынан көзқарас
  • Мекемедегі іс әрекеттер стратегиясы
  • Өндірістегі іс әрекеттерді басқару
  • Қызмет көрсету саласындағы іс әрекеттерді басқару
  • Сапаны басқару жүйесі
  • Мекемедегі менеджменттің дамуы мен процесстік басқару жолдары

Модульдан кейінгі нәтижелер:

  • Мекеменің басқару жүйесіндегі іс әрекеттер менеджментінің орнын анықтай отырып стратегия мен тәуекелге байланыстылығын түсінетін болады
  • Іс ірекеттер стратегиясының болуы мүмкін түрлерін және комбинацияларын бағалай алатын болады
  • Мекеменің көрсететін қызмет түрлерінің талдауын жасай алатын болады
  • Мекеме менеджмент жүйесін жақсарту барысында TQM құралдарын пайдалануға мүмкіндік алады

Қатысу форматы

Оқу форматы:

2 аптада 1 рет, 4 күн

Күндері мен ұзақтығы:

20 мамыр - 27 маусым 96 академиялық сағат

Бітіру туралы құжат:

AlmaU біліктілік арттыру дипломы

Отзывы наших слушателей

Будем рады ответить на ваши вопросы